20 | 01 | 2018
Навигатор сайта
Валюта бағамы
Ауа райы

Яндекс.Погода

FB IMG 1504699137242Ауданымызда "Білім күні" мерекесіне орай төрт бірдей білім ошақтарының құрылысы бітіп салтанатты түрде ашылды. Білім ошақтарының  салтанатты ашылу рәсіміне аудан басшысы Қ.Абдуалиев, облыстық басқармалардан өкілдер қатысып жаңа мектеппен жəне жаңа оқу жылымен ұстаздармен оқушыларды құттықтады.


Жалпы ауданда 138 мектеп бар, оның 114-сі орта, 10-і негізгі, 14-сы бастауыш мектеп. Соның ішінде 128 білім мекемесі таза қазақ тілінде, 13 мектеп аралас тілде ( 9 мектеп қазақ-орыс, 2 мектеп қазақ-өзбек, 1 мектеп қазақ-тәжік) және 2 мектеп таза тәжік тілінде оқытылады. Аудан бойынша апаттық мектептер саны 9, үш ауысымдық мектептер саны 4. Ауданда 21 мектептің құрылысы жүргізілуде, үстіміздегі 2017 жылы 5 мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Солардың 4-і Білім күні мерекесінің қарсаңында тапсырылып отыр.
Аудан бойынша 2017-2018 оқу жылына 83758 оқушы мектеп қабырғасында білім алатын болса, олардың  9729-ы мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын болады (2017 жылы мектеп бітірушілер саны – 4324). 
Бүгінгі ашылып отырған нысандар Қошқарата ауылдық округі, 1-мамыр елді мекенінен 600 орындық «1-мамыр» атындағы мектеп, Біртілек ауылдық округіндегі Аққорған ауылында орналасқан 600 орындық Т.Бегманова атындағы №114 орта мектеп және Қапланбек ауылдық округі, Қанағат ауылынан 300 орындық №7 Төлеби атындағы мектептер Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ұлттық қор» есебінен қаржы бөлініп жаңа оқу жылына тапсырылып отыр. Ал, Сарыағаш қаласындағы №10 Қ.Сатпаев атындағы интернат-гимназияға қосымша 300 орындық жаңа оқу корпусы аудандық бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары толық аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға беріліп отыр.
Оған қоса «Білім күні» мерекесіне орай Абай ауылындағы Т.Рысқұлов саябағын аудандық бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары 2017 жылдың 1 шілдесінде басталып, 2017 жылдың 31 тамызында аяқталып, халықтың игілігіне тапсырылды. Бұл нысанды ағымдағы жөндеуден өткізген мердігер мекеме «Сарыағаш-Тұрмыс» МКК, тапсырыс беруші ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Сарыағаш ауданы әкімінің
баспасөз қызметі