20 | 01 | 2018
Навигатор сайта
Валюта бағамы
Ауа райы

Яндекс.Погода

398Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылдық округінің Ынтымақ елді мекенінде Майлықожа Сұлтанқожаұлы атындағы №9 мектеп жанындағы қосымша 200 орындық оқу ғимараты ел игілігіне тапсырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биылғы сәуір айында құрылысы басталған нысанға жергілікті бюджеттен 131,8 млн. қаржы қаралған. Ал, мердігер ұйым «Ar Kua Group» серіктестігі өз кезегінде аталған ғимарат құрылысын толық аяқтап, оқушылылардың жаңа әрі кең кабинеттерде білім алуына жағдай жасады. 
Нысанның ашылуына орай өткізілген салтанатты іс-шараға аудан әкімі Қайрат Абдуалиев арнайы қатысып, қосымша салынған корпусты ондағы сынып бөлмелерін аралап көрді. Мектеп оқушыларына мемлекетіміздің жас ұрпаққа лайықты білім алуға жағдай жасап жатқанын жеткізді. Жас буынның сапалы білім алып, Отаншыл әрі ел игілігі үшін жұмыс істейтін білімді, білікті азамат болып қалыптасуына тілектестік білдірді. 
Естеріңізге салайық, биылғы 1 қыркүйек – Білім күніне орай аудандағы Бірінші мамыр, Аққорған, Қанағат елді мекендері мен Сарыағаш қаласында жаңа білім мекемелері пайдалануға берілген болатын.